367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жаңа медициналық орталық ашылды

  • 310
  • UPD: 23:07, 17.07.2018
Алматыда жаңа медициналық орталық ашылды

Алматыда Оңтүстік Корея республикасымен бірлескен инновациялық жоба іске асып, жаңа медициналық емхана ашылды.

Емдеу мекемесінде қатерлі ісік скринингі мен молекулярлық диагностика жасалады. Ол үшін Оңтүстік Кореядан кардиолог, ревматолог, гинеколог пен педиатр сынды білікті мамандар шақыртылған. Олар науқастарды емдеп қана қоймай, жергілікті дәрігерлерге Корея медицинасында қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйретеді. Орталық негізінен ана мен бала және жүрек аруларын емдеуге арналған.

Ғалымжан Тоғызбаев, Қазақстан ревматологтары қауымдастығының төрағасы.

– Кореядағы стандарт бойынша ем және диагностика жасалса деген мақсат құрып отырмыз. Екіншіден, жалпы біздің жобамыздың негізі мақсаты – Кореяның мамандарын, Корея басқару менеджментін пайдалану. Пайдалана отырып, Қазақстанның дәрігерлерінің, мейірбикелердің жұмыс сапасын арттыру.

Осы категория бойынша: « «Сарбаз» шекара кемесі достық сапармен Дағыстанға аттанды Қостанай облысында кәсіпкер мен ауыл әкімі арасындағы жер дауы ушығып тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы