368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде төрт жылдың ішінде 8 түрме жабылған

  • 1341
  • UPD: 23:49, 17.07.2018

Шетелдіктер біздегі құқық саласында жасалып жатқан реформаларға қызығушылық танытып отыр.

Айталық, Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Герхард Ярош елімізге келіп, Бас прокуратураның өкілдерімен кездесті. Жүздесу барысында Ярош мырзаға Бас прокуратураның жаңа жобасы таныстырылды. Бұл бағдарлама түрмеде отырғандардың санын азайтуға бағытталған. Ол 10 нақты шарадан тұрады. Нәтижесі жоқ емес. Мәселен, егемендік алғанға дейін Қазақстан әлем бойынша түрме саны көп елдердің үштігіне кірсе, қазір 82-орынға шегерілген. Отыз жыл бұрын ел аумағындағы абақтыларда 100 мың адам отырса, қазір бұл көрсеткіш 33 мыңға дейін төмендеді. 4 жылда 8 түрме жабылды. Осындай оң өзгерістермен қатар шетелдіктерге цифрландыру бойынша қолға алынған ілкімді істер де баяндалды. Соның бірі – «Электронды қылмыстық іс» деп аталатын жоба. Бұл жаңашылдық әділ шешім қабылдау үшін азаматтарға кепілдік береді.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

– Бұрынғы кеңес дәуірінен келе жатқан 20-30 жылдардағы түрмелердің сегізі жабылды. Нәтижесінде, бізге 12 миллиард теңгені үнемдеуге жол берді. Тағы да қазір міне 1-2 түрме жабылып жатыр. Осы ізгілендіру арқасында осы жұмысты жалғастырып отырмыз. Олар біздегі оң өзгерістерді МАП-тың сессиясына шығарғысы келіп отыр.

Герхард Ярош, халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті:

– Біздің қауымдастыққа 170 шақты елдің прокурорлары мүше. Алдағы күзде Оңтүстік Африкада қауымдастығымыздың сессиясы өтеді. Сол кезде елдеріңіздің құқық саласындағы оң өзгерістерді көпшілікке айтатын боламыз. Тіпті кейбір жаңашылдықтарды тәжірибе ретінде қолдануға ұсыныс жасаймыз.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды Қызылордада жұмыс кезінде әдепсіздік танытқан мемлекеттік қызметші жазаланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы