374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдық құтқарушылар он жасар баланы судан аман алып қалды

  • 169
  • UPD: 12:34, 18.07.2018
Оралдық құтқарушылар он жасар баланы судан аман алып қалды

Оқиға қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.

Саябақтағы құтқару бекетінде кезекшілікте жүрген бас құтқарушы Алексей Алексеев пен Есболат Қоныспаев жаттығу кезінде байдаркадан аударылып қалған он жасар баланы құтқарды. Баланың қайыққа қайта міне алмай жатқанын көрген құтқарушылар тез жетіп, оны шығарып алды. Құтқарушылар шошып қалған баланы жағаға жеткізіп, қайықпен жүзген кезде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін айтты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда суға батып бара жатқан ер адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.

БҚО ТЖД

Осы категория бойынша: « Алматы облысында жоғалған 7 жасар бала әлі табылған жоқ СҚО-да трактордың үстіне бетон плита құлады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы