367,27 419.40 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да трактордың үстіне бетон плита құлады

  • 196
  • UPD: 13:17, 18.07.2018
СҚО-да трактордың үстіне бетон плита құлады

Солтүстік Қазақстан облысында трактордың үстіне бетон плита құлады.

Тайынша қаласының құтқарушылары трактордың кабинасында бетонды тақталарға қысылып қалған жүргізушіні алып шықты.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қансыраған 60 жастағы ер адамды аман алып қалу үшін құтқарушылардың санаулы ғана минуттары болған. «Жұмыс істеу кезінде астық қоймасы жабынының бетон тірегі құлап, тиегіштің кабинасына екі темір-бетон плитасы түскен. Беті мен денесі қатты жарақаттанған жүргізуші шатыр мен бағананың арасына қысылып қалған. Мұндай жағдайда жылдам әрекет еткен абзал», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қарауыл бастығы Андрей Витченко басқарған өрт сөндіруші-құтқарушылар Марат Таңатқан, Олег Солодко және ТЖ бойынша бөлімнің инженері Тимур Шәймерденов шарқайрақпен ақырын ғана басқару бағанасын кесіп, есеңгіреп қалған жүргізушіні кабинадан алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен ер адамға оқиға орнында дереу көмек көрсетіп, Тайынша орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізді. Науқас дәрігерлердің үздіксіз бақылауында, жағдайы бірқалыпты.

Осы категория бойынша: « Оралдық құтқарушылар он жасар баланы судан аман алып қалды Астанада аударылған батут оқиғасы бойынша екі адам жауапқа тартылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы