374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының Отырар ауданында жаңа балабақша ашылды

  • 264
  • UPD: 16:07, 18.07.2018
Түркістан облысының Отырар ауданында жаңа балабақша ашылды "Айқын" газеті

Түркістан облысының Отырар ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа балабақша ашылды.

Жүз орынға лайықталған бөбекжайдың құрылысы былтыр басталып, биыл пайлануға берілді. Жалпы жобалық сметалық құны – 100 млн теңге. Балабақшада жас өскіндерге сапалы тәрбие беріп, ой-өрісінің жан-жақты қалыптасуына және білімді болып ер жетуіне барлық жағдай жасалған. Ойын алаңына да ерекше көңіл бөлініп, балалардың спортпен айналысуына баса назар аударылған. Қазір онда жүзге жуық бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. 26 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның 12-сі педагог, қалғаны тәрбиеші. Жалпы, облыста 1790 балабақша болса, соның 1 мыңға жуығы жекеменшік. 

Жұлдыз Қинатова, балабақша меңгерушісі:

- Қажетті құрал-жабдықтармен түгел қамтылған. Сыртта ойын алаңдары бар. Іште ән-күй залы мен ойын, жатын бөлмелері бар. Асханасы да жұмыс істейді. Балалар тобымен барып тамақ ішеді. Мақсатымыз – ағылшын, орыс тілін жетік үйрететін үйірмелер ашу.

Осы категория бойынша: « Астанада аударылған батут оқиғасы бойынша екі адам жауапқа тартылады Өскеменде қылмыстық топтан 50 келіге жуық марихуана тәркіленді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы