364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы 13 миллионға жуық қазақстандық декларация тапсыруы тиіс

  • 427
  • UPD: 19:52, 18.07.2018

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл азаматтардың 7,4 миллионы қалада тұрса, қалғаны ауыл тұрғындары. Құжатта әр адам өзінің жылжымалы мүлкі, табысы, банктегі шоттары туралы ақпаратты көрсетеді. Сондай-ақ қолда бар қаражатын да хабарлауы міндетті. Егер ол сома 12 миллионнан асып кетсе, бұл қаржыны банктегі шотқа салуға тура келеді. Декларацияны тапсыратындардың қатарында кәмелет жастағы азаматтармен қатар 18-ге толмағандар, Қазақстанда мүлкі бар шетелдіктер және оралмандар да бар. Студенттер, зейнеткерлер мен мүлкі жоқ адамдар да жеңілдетілген нұсқадағы декларация тапсырады. Ал одан бас тартқандар 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Мәди Такиев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- eGov порталында салық төлеуші кабинеті ашылған. Әр адам соған тіркеліп, декларацияны толтыра алады. Біз құжатты толтыру процесін  барынша жеңілдеттік. Ол екі-ақ беттен тұрады. Жүргізген зерттеуге сәйкес, қазір халықтың 80 пайызы электронды түрде декларация толтыруға дайын.

Осы категория бойынша: « Көкшетауда теміржол басшысы пара алған Қытайға халықаралық экспедиция аттанады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы