367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайға халықаралық экспедиция аттанады

  • 246
  • UPD: 19:50, 18.07.2018

Алматы облысынан көршілес Қытай Халық Республикасына «Мұқали» халықаралық экспедициясы аттанады.

Мұқали – шамамен 1170-1223 жылдар аралығында өмір сүрген ұлы қолбасшылардың бірі. Ол заманында Шыңғыс хан әскерінің төрт ірі қолбасшысының бірі болған.  Империядағы тоғыз төренің бірі атанған әскери тұлғаның Қытайға әмірін жүргізгені тарихтан белгілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мұқали» халықаралық экспедициясына зиялы қауым өкілдерінен құралған 19 адам қатысады. Олар «Ұлы Қытай қорғаны» мен «Сиянь Үлкен Мешітінде», «Шэньси провинциясының тарихи музейінде» және «Қытайдың ұлттық мұражайында болып, көрші елдің тарихи-мәдени орындарымен танысады. Экспедиция мүшелері бір аптадан соң елге оралады.   

Рустам Алпысбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Сол жердегі ғалымдармен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен, архивтерімен танысып, жаңа деректер, жаңа мағлұматтар алып, оны жаңа форматта өзіміздің Жетісу жұртшылығына және республикамыздың ғылыми-зерттеу орталықтарын жаңартуға мүмкіншілік береді деген ойдамын. 

Осы категория бойынша: « 2020 жылы 13 миллионға жуық қазақстандық декларация тапсыруы тиіс Елімізде дәрі-дәрмек сатып алу электрондық форматта жүргізілмек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы