367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық дәрігерлер халықаралық стандартты үйреніп жатыр

  • 173
  • UPD: 21:59, 18.07.2018
Қарағандылық дәрігерлер халықаралық стандартты үйреніп жатыр

Қарағандылық дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандартын үйреніп жатыр.

Ұлыбританиядан келген кәсіби мамандар бірнеше күн бойы дәріс оқып, тренингтер өткізбек. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, аймақта тек 6 айдың ішінде 205 жол апаты болған, бұл өткен жылдармен салыстырғанда анағұрлым аз. Бірақ көз жұмғандар саны көбейіп отыр. Жарты жылда 70 адам жолда мерт болған. Жарақат алған адамға алғашқы минуттарда жедел көмек көрсетудің маңызы зор. «Егер сапалы медициналық жәрдем берілсе, өмірін сақтап қалуға болады», – дейді мамандар. Халықаралық стандартта осындай оқыс жағдайда қалай әрекет етудің қыр-сыры жан-жақты қамтылған. Шетелдік ғалымдар әуелі 5 дәрігерді оқытпақ. Ал кейін олар облыстағы барлық медицина мамандарына жаңа технологияны үйрететін болады.

Берік Төлеубаев, облыстық травматология және ортопедия орталығының бас дәрігері:

- Жапондықтарда «кайдзен» деген принцип бар. Өзінің тәжірибесін одан әрі жоғарылату. Күнде, күнара, айына бір рет, жылына бір рет дегендей, сол тоқтамай, өсіре беру деңгейін. Біздікі де сол мақсат. Әрине, бізде көмек көрсетілетіні дұрыс. Бірақ сонда да бір стандартқа келтірейін деп едік.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында қарқынды бауға қаражат қажет Астанада өз атына жазылған жеңілдік картасын кімдер ала алады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы