365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде «Қоныс-2018» республикалық оқу-жаттығуы өткізіліп жатыр

  • 226
  • UPD: 09:25, 19.07.2018

Елімізде батыс пен шығыс және оңтүстік аймақтарда сейсмикалық қауіп өте жоғары. Ал бұл өңірлердегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелердің  көбі 7-8 балдық жер сілкінісіне төтеп бере алмауы мүмкін.

Осы ретте Өскеменде төтенше жағдай комитетінің барлық облыстағы  құрылымдары арасында «Қоныс-2018» республикалық оқу-жаттығуы өткізіліп жатыр.

Түрлі табиғи апаттан адамдарды құтқаратын күштік құрылымдардың дайындығын пысықтайтын жаттығу жыл сайын өтеді. Алдын-ала жазылған сценарий бойынша Өскемен қаласы мен бірнеше ауданда 8-9 балдық жер сілкінісі болды. Арнайы дабылдан соң тұрғындар  қауіпсіз аумаққа жиналды. Эвуакциялық орындарда қанша адам жеткізілгені тізімделді. Ал медицина мамандары зардап шеккендерге алғашқы жәрдем   көрсету жолдарын түсіндірді.      

Арайлым Әбілқалымова, медициналық қоғамдық қор директоры:

- Төтенше жағдайға дейін біздің жұмысқа алғашқы көмекті үйрету кіреді. Алғашқы көмекті мұғалімдер бола ма, оқушылар бола ма жұмысшылар бола ма? Алқашқы көмекті  қалай көрсетеді үйретеміз.

Өрт пен жер сілкінісі кезінде адамдардың көбі үрейден зардап шегеді. Сондықтан халыққа төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігі көрсетілді.

Тілеуберген Құмашов, қала тұрғыны:

- Соңғы рет 1992 жылы болған жер сілкінісі. Сол кезде мынадай хабарландыру болған жоқ. Қазір енді ашық айтылады.  Оқу болғаны дұрыс. Осының  бәрі болғаннан кейін  жастар осының бәрін көріп бізден үлгі алады.

Жер сілкінісі кезінде жеңіл көлік автобусқа соғысып, өрт шықты. Сол маңда жүрген құтқарушылар көлік ішінен адамды алып шығып санитарлық тікұшаққа жеткізді. Ал табиғи немесе техногендік апат болса   еліміздің төтенше жағдай комитеті бір жолда 10 мың адамды қауіпсіз жерге көшіре алады. Осындай жаттығуда мамандар мен техниканың дайындығы пысықталады.                          

Қайрат Тыныбаев, ҚР ІІМ Жедел жоспарлау департаментінің басшысы:

- Енді оқу жаттығу өткізгенде ол жай әншейін көрсете салу емес. Бұл жерде біздің алдымыздағы мақсат қандай проблемалар бар?Болашақта қалай шешеміз керек? Соның қандай жолдары бар?  Үкімет тарапынан болсын басқа да жоғарғы органдарға ұсынамыз. 

Шығыс Қазақстан облысында соңғы 6 жылда қуаты 2-ден 5 балға дейін жететін жер сілкінісі 17 рет тіркелген. Айтарлықтай шығын болмағанымен, бүгінде өңірде бес жүзден  астам көпқабатты үй мен жетпіске жуық нысанның тез арада сейсмологиялық тіреулерін жаңарту керек. 

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин, Роман Родионов

Осы категория бойынша: « ШҚО-дағы көктемгі топан суға мамандардың немқұрайлығы себеп болған Өскеменде полицей баланы биіктен құлаудан аман алып қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы