365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы форумда жаңа салық кодексінің нәтижелері талқыланды

  • 381
  • UPD: 09:08, 19.07.2018
Алматыдағы форумда жаңа салық кодексінің нәтижелері талқыланды

Кәсіпкерлер мен мемлекеттік кіріс мекемелерінің өкілдері Алматыда өткен салық форумында бас қосып, жаңа салық кодексінің алғашқы нәтижелерін ортаға салды.

Әсіресе ғаламтор сауданың табыс салығын алып тастау мен себепсіз тексерулер қызу талқыланды. Ресми дерекке сүйенсек, өткен бір жылда тексерулер саны 60 пайызға азайған. Ал бүгінге дейін елдер арасындағы сауда-саттықты арттыруға кедергі болып келген халықаралық табыс салығы алынып тасталды. Бұл жөнінде еліміз 53 мемлекетпен келісім жасаған. Бұдан былай кәсіпкерлер тек өзі тұрып жатқан мемлекетке ғана табыс салығын төлейді. Оған қоса, сауда-саттық құжаттары қағаз жүзінде емес, электрондық жүйе арқылы рәсімделеді.

Олжас Алдамұратов, қалалық МКД бас маманы:

- Биылғы жылдың бірінші сәуірінен бері тек Алматыда 7 мың автокөлік импортталған. Оның 90 пайызы толық рәсімделген. Сонымен қатар виртуалды қойма арқылы салық мамандары тауардың қай уақытта, қай жерге жеткізілгенін бақылай алады. Бұл импорттық және экспорттық тауарлардың барлығына қолданылады.

Осы категория бойынша: « Алматы облысындағы агропаркте өздігінен жүретін комбайндар мен дрондар таныстырылды Павлодар облысында шалғымен шөп шабудан жарыс өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы