367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде онкологиялық ауруларды емдеу шетелдік озық әдіске негізделеді

  • 272
  • UPD: 10:15, 19.07.2018
Елімізде онкологиялық ауруларды емдеу шетелдік озық әдіске негізделеді

Елімізде онкологиялық ауруларды емдеудің тиімділігі артады. Бұл туралы Қазақ онкология және радиология  ғылыми-зерттеу институтының директоры Олжас Әбішев мәлімдеді.

Былтырғы жылдан бері қолға алынған жасанды интеллект жобасы елімізде жан-жақты зерттеліп, қолданыс кезінде өз тиімділігін көрсетті. Тың жоба,  қатерлі ісік ауруларын емдеуде озық тәжірибесі бар әлемнің 25 мемлекетінде кеңінен қолданылады.  Бұдан былай отандық онкологтар шешім қабылдауда осы жүйе арқылы АҚШ пен Корея мамандарының тәжірибесіне сүйене  алады. Шетелдіктердің тиімді емдеу тәсілдері осы бағдарламаға енгізіліп, қорда сақталады. Сондай-ақ науқастың медициналық тексеруден өткен барлық сараптамасы компьютерге енгізіледі. Машина дәрігер үшін қажетті ақпаратты іздеп, талдап, сараптап, небары 2-3 минуттың ішінде  қорытынды шығарып береді. 

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Ең негізгі бағыт бұл құрал жабдық дәрігердің  орнын алмастыру  емес, дәрігерге көмек ретінде , қосымша құрал ретінде  көмектесу. Егер біз уақытты қазір үнемдесек, екі-үш минуттың ішінде дәрігерге рекомендация береді. Дәрігер соның арқасында  сол мәліметтерді оқымай-ақ, апталап, уақытты жеткізбей 2-3 минуттың ішінде жүйе арқылы азаматты соңғы зерттеудің  негізінде емдесек сәттілігі 91-92 пайыз сәттілікке  жетуі мүмкін  деген қосымша құрал ретінде дәрігерге қосымша мәлімет береді.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысы инновациялы жедел жәрдем қызметінің игілігін көре бастады Маңғыстау облысында былтыр жаңартылған жол жарамсыз болып қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы