367,27 419.40 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде тіркелген аурулардың басым бөлігі салауатты өмір салтын ұстанбаудан болады

  • 173
  • UPD: 15:18, 19.07.2018
Елімізде тіркелген аурулардың басым бөлігі салауатты өмір салтын ұстанбаудан болады

Қазақстанда тіркелген дерттің 82 пайызы дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстанбаудың салдары.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифнигте айтылды. Мамандар аурудың алдын алуды бірінші кезекке қою керек дейді. Елімізде арнайы бағдарламалар қабылданып, денсаулық сақтаудың жаңа моделі түзіліп келеді. Оның негізінде Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс орнату қолға алынды. Ортақ шаралардың нәтижесі оң болуы тиіс. Алайда зиянды сусындар мен фастфудқа құмар жастардың денсаулығы алаңдатады. Мысалы, күні кеше Маңғыстау облысында құрамында шамадан тыс натрий бензоаты анықталған ресейлік қуаттандырғыш сусындар дүкен сөрелерінен алынып тасталды.

Бақыт Түменова, «Аман-саулық» ҚҚ президенті:

- Қазақстан Орталық Азия елдері арасында ішімдік ішуден көш бастап тұр. Біз дамыған елдермен терезе теңестіруді мақсат етеміз. Бірақ, оған жету үшін, ең алдымен, жаман әдеттен тыйылуымыз керек. Жылына бір адам шамамен 9 литр ішімдік ішеді. Оның 65 пайызы күшті алкогольдік сусындар.

Осы категория бойынша: « Елімізде «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды Маңғыстау облысында 27 адам иммунитет тапшылығы инфекциясына шалдыққан »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы