367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында 27 адам иммунитет тапшылығы инфекциясына шалдыққан

  • 216
  • UPD: 16:15, 19.07.2018
Маңғыстау облысында 27 адам иммунитет тапшылығы инфекциясына шалдыққан

Маңғыстау облысында жүре пайда болған иммунитет тапшылығы инфекциясына шалдыққандар саны артты.

Биыл бұл сырқаттың белгілері 27 адамнан табылып отыр. Олардың жетеуі еңбек мигранты болса, 13-і – ақтаулық тұрғын. Сондай-ақ Қарақия және Мұнайлы аудандарынан 3 адамның және түпқарағандық бір азаматтың дертке ұшырағаны белгілі болды. Дәрігерлер бұл көрсеткішті ауру белгілерін дәл анықтауға мүмкіндік беретін іс-шаралардың жыл санап жетілдірілуімен байланыстырады. 2016 жылы 96 мың тұрғын медициналық тексеруден өтсе, былтыр 101 мың адам дәрігерлерге қаралған. 

Алмабек Бисен, облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес  жөніндегі орталық директорының міндетін атқарушы:

- Өткен жылғы 6 айда 52 мың адам қаралса, қазір 56 мың адамды қарап отырмыз, яғни 4 мыңға адамға артық тексердік. Адамның саны көбеюіне байланысты ЖИТС инфекциясының анықталу саны да өсіп тұр. Жылда бұл аурудың 30 пайызы мигранттар арасынан табылады. Бізде анықталады да елдеріне кейін қайтарылады. Қайтарылмай осында жүргендері де баршылық. Ол жөнінде біз миграциялық полициямен қоян-қолтық жұмыс жасап келеміз.

Осы категория бойынша: « Елімізде тіркелген аурулардың басым бөлігі салауатты өмір салтын ұстанбаудан болады Шымкент қалалық әкімдігінде халықты қабылдау тәртібіне өзгеріс енгізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы