365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Электронды денсаулық төлқұжатының тиімділігі қандай

  • 223
  • UPD: 21:53, 19.07.2018

Келер айда елімізде электронды денсаулық төлқұжаты пилоттық жоба ретінде іске қосылады.

Онда әр науқастың 2008 жылдан бері қабылдаған ем-домы жайындағы мәліметтер сақталады. Бірақ оны көру үшін науқастың рұқсаты керек. Ал шұғыл көмек қажет болса, онда емделушінің қан тобы, денсаулығы жайындағы ең қажетті ақпарды қарауға болады. Мамандардың айтуынша, жоба 1 ай көлемінде сыналып, қыркүйек айының аяғында жаппай қолданысқа енеді. Бастысы, науқастарға дер кезінде көмек қолын созуға мүмкіндік тумақ. Әрі қағазбастылықтан арылуға сеп. Жобаны Дүниежүзілік банк қаржыландырады. 

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Қазір көптеген азаматтар ауруханаға түскеннен кейін бүкіл ауру тарихын айтып 40 минут уақытын жоғалтатын болса, осы жүйе енгізгеннен кейін ол 5 минутқа дейін қысқарады. Дәрігер бүкіл төлқұжатын оқи отырып, ол немен ауырды, қашан ауырды, кім емдеді, қандай дәрілер берілді, ол дәрілердің жақсы нәтижесі болды ма, соның барлығына қол жеткізу арқылы сол азаматтарға қалай емдеу керек екенін нақты және жақсы шешімге қол жеткізе алады.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Қазір жергілікті атқарушы органдар қажетті компьютерлерді сатып алып, ақпараттық жүйені орнатып жатыр. Енді осы жүйелердің бірігуін қамтамасыз етіп, бұл істі жыл соңына дейін аяқтау керек. Екіншіден, дәрігерлер мен науқастарды оқыту қажет. Сіздер қазір бұл іске кірісіп кеттіңіздер, бұған ден қою маңызды. Үшіншіден, әр науқастың электронды төлқұжатын толтырып, тиісті көрсеткішті кемінде 80 пайызға жеткізу міндет.

Осы категория бойынша: « Астанада баланы таяқпен тәрбиелеген тәрбиеші жұмыстан босатылды Қарағандыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека беріле бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы