366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да антитеррорлық оқу-жаттығу өткізілді

  • 201
  • UPD: 17:55, 20.07.2018

Шығыс Қазақстан облысында антитеррорлық оқу-жаттығу шаралары өтті.

Өңірдегі қауіпті саналатын ірі өндірістік нысандарда болуы мүмкін террорлық актілердің түрлі сценарийлері пысықталды. Онда, оқиғаны хабарлау жүйелерінің жұмысы және жедел әрекет ету шаралары іс жүзінде көрсетілді. Құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді. Оқу-жаттығу барысында шартты түрде «террорлық қауіптің қызыл деңгейі» жарияланып, арнайы жасақ содырларды тізе бүктіріп, тұтқындарды босатты.

Хабар 24 телеарнасы