366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда биыл көлік бөлшектерін ұрлаған 165 адам ұсталды

  • 190
  • UPD: 23:49, 20.07.2018

Алматыда жыл басынан бері көлік бөлшектерін ұрлау бойынша 1688 іс тіркелген.

Оның бар болғаны 248-і ғана ашылып, ұрылар жазаға тартылды. Ал биылғы жырты жылда көлік бөлшегін қолды еткен 165 адам ұсталды. Оның 163-і жұмыссыз, дейді тәртіп сақшылары. Жеке көліктерді торуылдаушылар көбіне қаланың Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында күндізгі уақытта жорыққа шығатын көрінеді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ұрлық өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға азайған. Айта кетейік, өткен жылдың бірінші жартысында 2310 іс тіркелген.

Алексей Стрельцов, қалалық ІІД бөлім басшысы:

- Көлік айналарын ұрлау бойынша жарты жылда 15 ұры ұсталды. Олардың басқа да 38 іске қатысы бар екені анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ұрылардың көбі 25 пен 35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар.

Хабар 24 телеарнасы