366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда Денис Тенді еске алу шарасы өтті

  • 230
  • UPD: 23:53, 20.07.2018
Қостанайда Денис Тенді еске алу шарасы өтті

Денис Теннің әлемдік аренадағы әр жеңісі еліміздің абыройын асқақтатты. Ол Қазақстан жастары үшін жасампаздық үлгісі болды.

Оның жарқын бейнесі халық жүрегінде мәңгі сақталады. Қостанайлықтар да мезгілсіз қаза тапқан даңқты спортшының рухына тағзым етті. Тобыл жағалауына жиналған жұртшылық Денис Теннің қысқа ғұмырында өшпес іс қалдырған тебіреніспен еске алды. Аспанға ұшырылған ақ түсті шар қимастық пейілдің айғағы.

Қалқаман Жақып, ҚХА мүшесі:

- Денис Теннің істеген еңбегі ең бірінші кезекте спорт жағынан болса, екінші жағынан адамгершілігі, гуманисттік өмірге көзқарасы міне, Қазақстанның тарихында ойып тұрып орнын алады, Денис Тен ол мәңгі есімізде қалады.

Хабар 24 телеарнасы