365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда шомылу маусымы басталғалы бері 30 адам құтқарылған

  • 167
  • UPD: 10:50, 21.07.2018

Петропавл қаласының суда құтқару қызметі ерекше акция ұйымдастырды.

Олар Алакөл көлінде мас күйінде батып бара жатқан актерді жағаға шығарып, демалушыларды ойландырып тастады. Өйткені өңірде судағы қайғылы жағдайлар жиілеп кеткен.

Алакөл көлі. Ыстықтан ығыры шыққан қала тұрғындары осында келіп тынығады. Жағада жатқан жұрттың тыныштығын мас біреу бұзды. Актер арақтың орнына су ішіп, суға күмп етті.

Анатолий Наргеленас, актер:

– Менің ойымша, бұл қойылым ақылы бар адамның жүрегіне жетеді. Ал санасы жоққа неше рет айтсаң да, түсінбейді. Әркім өз өміріне жауап береді.

Мамандар қайғылы қойылым көпшіліктің назарын аударып, қаперлеріне қауіпсіздік ережелерін салады деген сенімде. Алаңдауға негіз бар. Құтқарушылар күніне бір емес, бірнеше адамға өмір сыйлайды.

Нұрлан Құлқашев, суда құтқару қызметінің бас құтқарушысы:

– Кеше қала жағажайында 4 бала қытай құралымен сүңгіп жүрген. Оның желі шығып кетіп, аударылып, қайықпен 4 баланы алып шықтым. 8-10 жастағы балалар. Ата-аналары жоқ. Өздері келген.

Өңірде шомылу маусымы басталғалы бері 30 адам құтқарылды. Ал жетеуі судан шыға алмай, ажал құшты. Оның үшеуі бала.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, twitter@91Aidarbek

– Барлығымыз білетіндей, өзен-көлдерде белгілер бар. Яғни одан әрі қарай малтуға болмайды. Терең. Қайтып келмеуіңіз мүмкін. Өйткені су қателікті кешірмейді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Дмитрий Рура

Осы категория бойынша: « Қостанайда жатақханада заңсыз тұрып жатқандар анықталды Қостанайда зағиптарға арналған ақпараттық жадына таныстырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы