366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузия халқы Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты

  • 223
  • UPD: 19:18, 21.07.2018
Грузия халқы Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына грузиялықтар да қайғырып, көңіл айтып жатыр.

25 жастағы Сочи Олимпиадасының жүлдегері мансап жолын грузиялық Елена Гедеванишвилимен бір уақытта бастаған еді. Екі спортшының да Ресейдегі ұстазы танымал Елена Водорезован. Осы ретте Гедеванишвилидің жаттықтырушысы Тамара Анджапаридзе спортшының жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Тамара Анджапаридзе, мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушы:

- Алдымен Денистің отбасына және барлық қазақ жұртына көңіл айтқым келеді. Бұл орны толмас қаза. Біз керемет спортшы және жақсы адамнан айырылып қалдық. Мен оның балалық шағы жайлы естігенмін. Мәскеуде менің шәкіртім Елена Гедеванишвилимен бірге мұз айдынына шыққан еді. Денис спортта талай белестерді бағындырды. Оның қазасы жайлы естігенде есеңгіреп қалдым. Бұл біз үшін үлкен трагедия. Болмайтын нәрсе үшін адамды өмірінен айыру адамгершілікке жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы