374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отырар қалашығы қайтадан тарихи келбетіне ие болады

  • 362
  • UPD: 22:10, 21.07.2018

Отырар қалашығы алдағы жылдары қалпына келтіріліп, тарихи келбетіне ие болады.

Көне шаһарда бас қосқан сәулетші-ғалымдар мен археолог-тарихшылар заманында Отырардың агломерациясы жақсы дамығанын айтты. Мәселен, қалашықтың айналасында бірнеше төбешіктер бар. Олардың бәрі толық зерттеуді қажет етеді. Осындағы «Алтынтөбеде» тиын мен әшекей бұйымдар жасалған. Ал «Жаман төбеде» мал соятын, «Шақты төбеде» пышақ қайрайтын орындар болыпты. Қазір көне қалашықтың орнында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ескі мешіт пен медресенің орны да аршылып жатыр. Келешекте Отырар қаласы аспан астындағы музейге айналады. Оған республикалық және облыстық қазынадан қаржы да қарастырылды. Әсіресе туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Арыстан баб, Отырар музейі мен ежелгі қаланы көруге жылына 300 мыңдай турист келеді. Болашақта бұл межені миллионға жеткізу көзделген. 

Серік Ақылбек, Отырар мемлекеттік музейі директорының орынбасары:

- Қала әртүрлі деңгейде ашылған. Мысалы, 14-11 ғасырлар деңгейінде ашылған. Мысалы, ана жерде XVI ғасырдың мешіті ашылған. Сонда қаланың әр даму кезеңінің бәрін қамтуға тырысып жатырмыз. Мына төбеде XI ғасырдағы Тұрғын үй орамы қалпына келтірілген. Қолөнершілердің қалай тұрғаны, тұрмыс-тіршілігі, шеберхананың орындары сол көріністі көрсетіп отырмыз.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне Өзбекстаннан зиярат етіп келушілер қатары артты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы