366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне Өзбекстаннан зиярат етіп келушілер қатары артты

  • 281
  • UPD: 22:10, 21.07.2018

Өзбекстаннан Қазақстанға саяхаттап келушілердің саны артты. Көрші елден еңбек мигранттарын қоспағанда, шетел асатын жиһанкездердің 30 пайызы біздің елге өтеді екен.

Оның басым бөлігі Түркістан қаласына мінәжат етуге келушілер. Жалпы өткен жылы Қазақстанға 7 миллионнан астам турист келсе, соның 3 миллионы ала тақиялы ағайындар. Екі ел арасындағы шекаралық байланыстың жақсарып, нығаюына халықаралық бағыттағы автобустардың қатынауы сеп болған. Тағы бір жағымды жаңалық. Енді Ташкенттен Шымкент және Алматы қаласымен  қатар  Қызылордаға да автобус жүре бастады. Бұл екі ел арасындағы барыс-келісті жасқартып, туризм саласының алға басуына әсер етеді.

Рахима Исаева,Ташкент қаласының тұрғыны:

- Түркістанға Қожа Ахмет Яссауи бабаға зиярат қылуға сіңліммен бірге бара жатырмыз. Барып айналып, барлығын көріп келеміз. Қажылыққа бармас бұрын Қожа Ахмет Яссауиға зиярат қылыңдар. Одан кейін Арыстанбаб бабаға тәу етіңдер деген.

Ёдгор Хамраев,Самарқанд қаласының тұрғыны:

- Мен Самарқанд облысында тұрамын. Бүгін бірінші рет Қазақстанға бара жатырмын. Қазір екі мемлекет арасындағы саяси байланыс жоғары деңгейде дамып келеді. Бір кездері Әмір Темір бабамыздың Түркістанға көңілі ауып, Яссауи кесенесін салған. Бұл сабақтастық биылғы Қазақстандағы Өзбекстан жылымен астасып жатыр. Екі елдің тарихы, тілі мен ділі ғана емес рухани даму үрдісі де бір деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы