374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев IT-компаниялармен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асуын талқылады

  • 163
  • UPD: 23:40, 21.07.2018
Б.Сағынтаев IT-компаниялармен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асуын талқылады

Кездесу барысында экономиканы цифрландыру мен қазақстандық IT-қауымдастықты дамытудың ауқымды жұмыстарының негізгі кезеңдері талқыланды.

Атап айтcақ, «Astana Hub» IТ-стартаптардың халықаралық технопаркінің инновациялық кластерін құру, отандық кадрларды даярлау, ақпараттық қауіпсіздік, IТ-стартаптар үшін инновациялық гранттар бөлу, сондай-ақ отандық IТ-қызметтердің экспорттық әлеуетін қолдау және отандық IТ-компаниялардың қызметтеріне кедергі келтіретін тосқауылдарды жою секілді мәселелерге ерекше назар аударылды.

Бизнес-қауымдастық өкілдері отандық цифрлық индустрияны дамыту туралы өздерінің көзқарастарымен бөлісіп, сондай-ақ өздерінің ұсыныстары мен қызығушылық танытатын мәселелерін айтты. Мәселен, бүгінгі таңда IТ-мамандарын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, отандық IТ-компанияларды мемлекеттік қолдау, МЖӘ тетіктерін жетілдіру, электрондық коммерцияны ынталандыру, IT-компаниялар арасында бәсекелестікті дамыту, сонымен қатар цифрлық экономика дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері толғандырады.

Кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, қаржы вице-министрі Р.Еңсебаев сөз сөйледі.

Кездесудің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 20 отандық IТ-компанияның мүмкіндіктері туралы презентациялық стендтермен танысты.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында цифрландыруды дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берген еді.

primeminister.kz

Осы категория бойынша: « Зеренді көлінде жағажай салынады Қостанай облысында 67 мың 735 га алқапқа шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы