365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда ойын және спорт алаңдары жөнделіп жатыр

  • 180
  • UPD: 08:01, 22.07.2018
Ақтауда ойын және спорт алаңдары жөнделіп жатыр

Жыл соңына дейін Ақтаудағы 8 ойын және спорт алаңдары бастан-аяқ қалпына келтіріледі.

Олар қолданысқа берілгеннен бері күрделі жөндеу көрмеген. Осы мақсатқа қала қазынасынан 58 млн теңгеден аса қаржы бөлінді. Шаһардың жоғары бөлігіндегі екі алаңды жаңартып, жарақат алудан қорғайтын жабынды төсеу жұмыстары аяқталып тұр. Құрылысқа 15 млн теңге жұмсалған. Жалпы, қала аумағындағы 205 ойын және 85 спорт алаңы жөнделеді.

Қайрат Ақыбаев, қалалық ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Жылына 10 шақты алаңға бюджет қаражатының көлеміне қарай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жүрген. Үлкен компаниялардың да атсалысқанын да күтіп отырмыз. Барлығына да хат жаздық, жауап беріп жатқандары да бар. Бұл жұмыстар тоқтамайды, жалғасын таба береді. Алаңның көлеміне сәйкес жұмыстар ауыса береді. Қосымша жаңадан салынады, бұрынғылары жөнделе береді.

Осы категория бойынша: « Елімізде кәсіпкер әйелдер төмен пайызбен несие ала алады Атырау облысында лотос алқабы ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы