366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда жергілікті компания қоқыс өңдейтін зауыт салғысы келеді

  • 166
  • UPD: 13:46, 22.07.2018

Көкшетаудан тәулігіне 100 тоннадан астам қоқыс шығарылады. 

Тұрмыстық қалдықтардың көптігінен қала жанындағы полигонның біреуі толып, Красный Яр елді мекенінен екіншісі ашылды. Ал шаһардағы жекеменшік компания қоқысты қайта өңдейтін зауыт салғысы келеді. Ол үшін не керек? Бұған халық не дейді?

Бұл – Көкшетау қаласының жанындағы бұрынғы тұрмыстық қалдықтар полигоны. Қазір ол жабық тұр. «Алайда осындай ашық аспан астындағы арнайы орындардың қоршаған ортаға зияны көп», – дейді мамандар. Экология тақырыбында 250-ден астам еңбек жазған тәжірибелі эколог Әбілжан Құсайыновтың айтуынша, тұрмыстық қалдықтар, ең алдымен, топырақты бүлдіреді.

Әбілжан Құсайынов, эколог:

- Ақмола облысында 537 тұрмыстық қалдықтар полигоны болса, олардың 30 шақтысы ғана заңдастырылған. Яғни қалғандарының бәрі талапқа сай емес. Тұрмыстық қалдықтардан топыраққа улы заттар сіңеді. Ал синтетикалық, химиялық заттардың шіруі ғасырларға созылады.

Сондықтан тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының жобасын жасаған компания өкілі Дулат Жамантіков: «бұл кәсіпорынның болашақта берері мол», – дейді. Зауыт іске қосылып жатса, 100 шақты адамды жұмыспен қамтып, кәдеге жарайтын 15 түрлі өнім өндіруге болады.

Дулат Жамантіков, компанияның техникалық директоры:

- Полимерлі-құмды төсемелер шығаруға болады. Сүрткіш, скотч. Сосын резеңке кілемшелер. Қайта өңделетін заттардың бәрін өңдеп, одан таза өнім шығаруға болады.

Ал тұрмыстық қалдықтарды толығымен қайта өңдейтін зауытты тұрғызу үшін 2 млрд теңге қаражат қажет. Сондықтан жоба авторлары инвесторларды іздейді. Әйтпесе жергілікті билік, жер телімін бөліп беруге даяр. Бірақ бұған халық не дейді?

Ал жоба авторлары: «зауыт салынса, тұрмыстық қалдықтарды бұлай бөліп салудың да қажеті жоқ, – дейді. Олар өздері-ақ сұрыптап алмақ.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы