365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны аяқталды

  • 250
  • UPD: 15:38, 22.07.2018

Осымен төртінші рет өтіп отырған шараның ауқымы кеңейген.

Ал дарынды ұландарға тұңғыш рет «Жас сарбаз» мүсіні табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара жас ұрпақты елін сүюге ынталандырып, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға сеп болады.

Айдана Тойғұлова бастаған «Жас десантшылар» командасы үшін бүгін жемісті күн. Қайсар қыздар «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында үздіктер қатарынан көрінді. Ал жиыннан үлкен әсер алған команда капитаны болашақта десанттық-шабуылдау бригадасында қызмет етуді армандайды.

Айдана Тойғұлова, жарысқа қатысушы:

- Ата-анам әскери қызметке барша өмірін, ғұмырын арнағандықтан, осы жолды таңдауға бет бұрдым. Қазір бет алысым жақсы деп есептеймін. Менің ойымша, әскери жұмыс, Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім қыз не ер азамат болғанына қарамайды.

Елімізде 2300 әскери патриоттық клуб жұмыс істейді. Ұландардың әскери дайындығы күшті, зияткерлік қабілеті зор, өнерден де кенде емес. 

Мұхамеджан Таласов, ҚР Қарулы күштері Бас штаб бастығының орынбасары:

- Нағыз патриоттар. Мен осы бес күн қастарында жүрдім. Кешке кішкентай шаралар өтеді. Сонда бәрі бір-бірімен жолдас болып үйреніп, бір-бірімен танысып жатыр. Бірақ жарыстар өтіп жатқанда байқаймыз ғой, бәрі рухты, намысты, сол қуантады.

«Айбын» шарасы биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бірнеше күнге созылған жиында ұландар қарым-қабілеттерін ғана сынап қоймай, шындалды да. Ал оза шапқандарға алғашқы «Жас сарбаз» арнайы мүсіні табысталды.       

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Наурыз Базаров

Осы категория бойынша: « СҚО оқушылары Тараздың тарихымен танысты Шомылу маусымы басталғалы бері Қапшағайда 9 адам суға кеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы