370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда саммит қарсаңында 5 млн гүл егіледі

  • 645
  • UPD: 07:24, 23.07.2018
Ақтауда саммит қарсаңында 5 млн гүл егіледі

Алдағы тамыз айында Ақтауда Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді.

Халықаралық маңызды шараға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан мен Иран президенттері бастаған бес ел делегациясы қатысады деп күтілуде. Мәртебелі меймандарды қарсы алу үшін ақмаржан қала қызу дайындыққа кірісіп кетті. 10 шақырым жол бойына тал мен гүл егіліп, қала жасыл желекпен көмкерілмек. Барқытгүл, қырмызы гүл, түрік қалампыры сынды 5 миллион гүл егіледі. Шаһарға кіре беріс тұсқа биіктігі 8-9 метр болатын гүлмен өрілген құмыра композициясы орнатылды. Көгалдандыру жұмыстарына республика қазынасынан 823 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ орталық көшелер күрделі жөндеуден өтіп, ескі жолдар тақтайдай тегістелді. Шетелдік қонақтарды қабылдауға 5 жұлдызды 6 бірдей қонақ үй дайындалып жатыр.

Қайрат Ақыбаев, қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Жаңадан ағаштар егілетін болады. Айтылған жол бойынан 7 мың павлония дейтін ағаштар отырғызылатын болады. Ертең ол биіктеген кезде шамамен 20-25 метр биіктікке дейін өсетін ағаштар.

Осы категория бойынша: « Семейде сыбайлас жемқорлық бойынша 9 адам сотталды Атырауда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1950 пәтер пайдалануға беріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы