365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1950 пәтер пайдалануға беріледі

  • 527
  • UPD: 10:27, 23.07.2018

Атырау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 251 мың шаршы метр жерде 38 көпқабатты үйдің құрылысы басталды.

Онан өзге қала іргесіндегі Талғайран ауылында жаңа үлгімен 1 және 2 қабатты 60 жеке үй бой көтеріп келеді. Жалпы, «Нұрлы жер» аясында Атырауда 37 мың пәтрелік 471 көпқабатты үй және 1200 орындық 6 мектеп пен 300 орындық 11 балабақша салу жоспарланған. Қазір қаланың «Нұрсая», «Береке» ықшамаудандарында құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

Қуат Қалимов, қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы:

- Соның 28 үйін биыл жыл аяғында тапсыру көзделуде. 28 үйдің 25-і – 72 пәтерлік, үшеуі – 50 пәтерлік. Барлығы 1950 пәтерлік үй тұрғындарға тапсырылады деп ойлаймыз.

Осы категория бойынша: « Ақтауда саммит қарсаңында 5 млн гүл егіледі Елімізде 1,5 мың адам жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы