365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 1,5 мың адам жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған

  • 200
  • UPD: 07:34, 23.07.2018
Елімізде 1,5 мың адам жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған

Қазақстандықтар енді онлайн жүйеде автокөліктерін қайта тіркетіп, мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыра алады.

Жаңа қызмет түрі электронды үкіметтің порталында қолжетімді. Өтінішті толтырған соң сандық қолтаңбамен растап, E-gov порталында қалдырады. Дайын құжатты алар кезде мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек болуы тиіс. Жүргізуші куәлігін ауыстырудың онлайн қызмет түрін қазірдің өзінде елімізде мың жарым тұрғын қолданған.

Жәдігер Дәрменов, қалалық ХҚКО бас маманы:

- Ол үшін бір ғана зат керек болады. Ол – электронды сандық қолтаңба. ЭСҚ арқылы электронды үкімет порталына кіресіз. Сонда тіркелесіз, содан кейін барып көлік және коммуникация деген бөлім бар. Сонда қызмет түрі көрсетілген.

Рауан Жанатов, қала тұрғыны:

- Үйде отырып та онлайн арқылы жасап алуға болады екен. Мен келгенде қызметкерлер қарап, бізге жақсы қарсы алып, дұрыстап айтып, түсіндіріп беріп жатыр. Осы халыққа айтарым, электронды қолтаңба арқылы уақытыңызды үнемдеп, ешқандай уақыт алмай, үйден кезексіз онлайн түрде алуға болады.

Осы категория бойынша: « Атырауда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1950 пәтер пайдалануға беріледі Шымкентте бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау жүйесі толық автоматтандырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы