367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау жүйесі толық автоматтандырылды

  • 215
  • UPD: 07:40, 23.07.2018
Шымкентте бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау жүйесі толық автоматтандырылды

Енді қаладағы 459 балабақшаға бүлдіршіндерді орналастыру арнайы электронды жүйе арқылы жүзеге асады.

Веб-сайт бөбекжайға кезекке тұру, жолдама беру және балабақшаны ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде әр баланың электронды төлқұжаты қалыптасады. «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асқан жүйенің тиімді тұсы көп. Мысалы, кезекте тұрған 3 пен 6 жас аралығындағы сәбилердің қатары 2 жарым есеге қысқарған. Бұл өз кезегінде жемқорлықтың жолын кесіп, арыз-шағымдардың төмендеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар бірінші сынып оқушыларын мектепке қабылдау жүйесі де жолға қойылды. 

Гүлзина Уәлиханова, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Ата-аналар үйде отырып білім бөлімі порталы бойынша кезекке қоя алады. Жолдама ала алады. Порталда ата-аналар балабақшаларда топтар қанша екендігін, қанша бала бар екенін, барлығын көре алады. Бұл жүйе ата-аналарға қолжетімді.

Осы категория бойынша: « Елімізде 1,5 мың адам жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған Оралдағы емханада қант диабетімен ауыратындар үшін мобильді қосымша енгізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы