365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері 150-ден астам жаңа туған нәресте санавиация күшімен құтқарылды

  • 197
  • UPD: 11:43, 23.07.2018
Жыл басынан бері 150-ден астам жаңа туған нәресте санавиация күшімен құтқарылды

Қажетті медициналық көмек көрсету үшін жыл басынан бері ҚР әр өңірінен 150-ден астам жаңа туған нәресте санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды.

Өткен жылы санитариялық авиация күшімен 450-ден астам осындай науқастарға, оның ішінде туған кезде салмағы келіге жетпейтін нәрестелерге медициналық көмек көрсетілді.

Осындай кішкентай сәби науқастарды тасымалдау үшін санитариялық авиация әуе кемелері арнайы кювездермен және баланың өмірлік көрсеткіштерін демейтін медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Осындай науқастарды тасымалдау кезінде басты міндеті – баланың тыныс алуын қалыпқа келтіру, дененің температуралық қалпын және жүрек жұмысын демеу.

Мәселен, осы айдың басында құрамында неонатолог және реаниматолог дәрігерлері бар бригадамен санавиация борты мерзімінен бұрын туған шұғыл жағдайдағы балаға Атырау облысы Құрманғазы ауданына ұшып кетті.

Кішкентай науқастың анасы іштегі нәрестеге қауіп төну жағдайында 34 апталық жүктілікпен аудандық медициналық ұйымға түскен.

2018 жылғы 7 шілдеде әйел босандырылғын, бала шала туған, салмағы қалыптан едәуір төмен. Сол күні бала мен оның анасына Атырау қаласы облыстық перинаталдық орталығына тасымалаушы санитариялық авиация борты жіберілді. Анасы мен баланы облыстық орталыққа тасымалдау қажеттілігі баланың ауыр жағдайына қатысты ғана емес, медициналық ұйымда оны күту мен емдеу жағдайы болмауына да байланысты болды.

Осындай жеделділік, сондай-ақ барлық тартылған мамандардың тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында 2018 жылғы 18 шілдеде ана мен бала үйіне аман-есен шықты.

2018 жылғы бірінші жартыжылдықта жаңа туған нәрестелердің патологиялық жай-күйі санитариялық авиация науқастарының жалпы санының 17,3% құрайтынын айта кетейік.

Жалпы, 2018 жылы 6 ай ішінде санитариялық авиациямен 982 ұшу жүзеге асырылды, 1072 науқасқа медициналық көмек көрсетілді, 1137 медициналық қызмет көрсету орындалды.

Ақпарат көзі: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Осы категория бойынша: « Алматы облысында шипажай мен жылыжай көбейіп келеді Алматы облысында жоғалған баланы іздеуге тікұшақ жұмылдырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы