367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жоғалған баланы іздеуге тікұшақ жұмылдырылды

  • 308
  • UPD: 14:57, 23.07.2018

Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалған баланы іздестіру жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада аталған ауданға қарасты Ынтымақ ауылынан шығып, Кіші саз жайлауына бет алған бес баланың бірі тау ішінде із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Осы оқиғаға байланысты жедел-іздестіру тобы құрылып, тау-тасты түгел кезіп шықты. Бірақ 7 жастағы Ернұр Сәдуақас әлі табылған жоқ.

Сергей Незнаев, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сол себепті мамандар бала жоғалған жерді әуеден шолуға кірісті. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оған құқық қорғау органдарынан – 40, төтенше жағдайлар қызметінен 10 адам жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер тобы да үлкен көмек көрсетіп жатыр.

Осы категория бойынша: « Жыл басынан бері 150-ден астам жаңа туған нәресте санавиация күшімен құтқарылды Елімізде интеллектуалдық көлік жүйесі іске қосылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы