374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде еріктілердің бірыңғай мәлімет жүйесі құрылады

  • 228
  • UPD: 15:17, 23.07.2018

Онда еріктілер ұйымдары туралы толық ақпарат жинақталады.

Жоба келесі айда сынақтан өтеді. Ал жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылады. Бұл аталмыш қозғалыстың жұмысына серпін бермек.

Мәди мен Салтанат бос уақыттарында ерікті болып жұмыс істейді. Бұл жолы олар тыл ардагері Софья Пукастың жағдайын сұрай келді. Ерікті болу – олардың жан қалауы. Екеуінің де бұдан бөлек жұмысы мен оқуы бар. Бірақ көмеккке зәру жандарға адал ниетпен қол ұшын ұсынуды өздеріне азаматтық парыз санайды.

Софья Пукас, тыл ардагері:

- Мен олардың келгеніне қуанамын. Өздері сондай жақсы балалар. Не көмек керек деп жандары қалмай тұрады. Жасым 90-ға жақындап қалды. Баларымның бірі осында, екіншісі Ресейде тұрады. Олар қанша шақырса да бармадым. Ештеңеден таршылық көріп жатқан жоқпын. Тек жан жылуына, жанашырлыққа зәрумін. Еріктілер келген сайын әңгімелесіп, бір марқайып қаламын.  

Мәдидің ерікті болып жұмыс істегеніне үш жыл болды. Ол ұлттық еріктілер желісімен қатар өзі оқитын Назарбаев университетінде де осындай қозғалысқа мүше. Олар негізінен жалғызілікті қарттар мен онкологиялық ауруға шалдыққа науқастарға көмек көрсетеді.

Мәди Қанапия, ерікті:

- Менде оқудан басқа бір маңызды іс-әрекет жасау жайлы жоспар болды. Сондықтан осы ұллттық еріктілер желісін таптым. Бос уақытымда қоғамға пайдалы іс істеуге мүмкіндігім бар. 

Еріктілердің бірыңғай ақпараттық базасы осы жылдың соңына қарай іске қосылады. Жобаны ұлттық еріктілер желісі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірігіп жүзеге асырады.

Татяна Миронюк, «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры:

- Бұл еріктілерге ғана емес, жалпы халыққа ыңғайлы болады. Онда еріктілер туралы барлық мәлімет жинақталады. Ерікті болуға немесе олардың қызметін пайдалануға өтініш білдіруге, тіркелуге болады. Сонымен қатар құқықтық және әдістемелік кеңестер ала алады.

Ерікті түрде риясыз көңілмен жақсылық жасау. Еріктілердің ұстанымы осы. Мұны азаматтық қоғам да қолдайды. Біздің елімізде еріктілер қызметі енді қалыптасып жатыр. Жаңа жоба барлық еріктілер ұйымының басын қосып, олардың әлемдік деңгейде жұмыс істеуіне септігін тигізбек.

Осы категория бойынша: « Мамандар: Болашақта блокчейнсіз ешбір жоба іске аспайтын болады «7-20-25» бағдарламасының «Нұрлы жер» бағдарламасынан өзгешеліктері »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы