374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 45 мектеп апатты жағдайда тұр

  • 244
  • UPD: 19:28, 23.07.2018
Елімізде 45 мектеп апатты жағдайда тұр

Қазақстандағы 45 мектеп апатты жағдайда тұр.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде белгілі болды. Ал 106 білім ордасында әлі күнге дейін 3 ауысыммен оқу мәселесі өз шешімін таппай тұр. Мұндай мектептердің басым бөлігі Алматы, Ақтөбе облысы мен оңтүстік өңірлерде орналасқан. Салдарынан мұндағы санитарлық-гигиеналық жағдай нашарлап барады. Сол себепті қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мектеп ғимараттарын жіті тексеруге кірісті. Сондай-ақ мамандар оқулықтар мен мектеп формасының стандарттарға сәйкестігін қадағалауға алады.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

– Оқулықтардың салмағына қатаң талап қойылады. Әр сыныптағы балалардың кітаптары белгілі бір шамадан аспауы тиіс. 1-4 сынып оқушыларының әр кітабы 300 грамнан ауыр болмағаны абзал. 5-6 сынып кітабының салмағы – 400 грамм, ал жоғары сыныпта оқитын балалар 500 грамнан асатын кітапты алып жүрмеуі тиіс. Былтыр бұл талаптарды баспалардың бірі бұзған болатын. Кейін ол оқулықтар екіге бөлінді.

Осы категория бойынша: « Оқушылар латын графикасындағы әліпбидің емле ережесін алғашқы болып сынақтан өткізді Қызылорда түрмесінде жазасын өтеуші 4 адам ауыздарын тігіп тастаған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы