364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында дизель отыны қымбаттады

  • 258
  • UPD: 22:18, 23.07.2018

Түркістан облысында дизель отыны тапшы.

Соның салдарынан бағасы да шарықтап кетті. Бұған дейін әр литрі 176-178 теңгеден саудаланып келген жанар-жағармайдың құны қазір аймақта 183 теңгеге дейін көтерілді. Мамандардың айтуынша, бұған облыстағы ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарқынды жүргізілуі мен дизель отынына деген сұраныстың артуы себеп. Энергетика министрлігі кестеге сәйкес, жазғы дала жұмыстарына 24 мың 700 тонна дизель отынын бөлген. Бүгінге дейін оның 20 мың тоннасы игерілді. Алайда аймақта әлі де сұйық отынға деген сұраныс жоғары. Осы жетіспеушілікті жою үшін Ауыл шаруашылығы министрілгі арнайы бағдарлама бойынша, тағы да 13 мың тонна дизель отынын бөлген. Бірақ ол айдың соңына қарай жеткізіледі.

Қайыпбек Қамбаров, облыстық жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы:

– Бағаның көтерілуіне келсек, үлкен жанар-жағармай бекеттерінің бәрінде баға тұрақты. Шағын бекеттердің өздеріне тән есеп-қисабы мен болжамдары бар. Соған сәйкес баға ойнап тұрады. Олар 5 тонна алатын болса, тез таусылып қалады, сол үшін 4-5 теңгеге көтеріп қояды. Сондықтан осы аптаның соңында баға тұрақталады деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « Алматыда қылмыстың ашылу деңгейі төмен Соңғы 3 айдың ішінде билетсіз жолаушы мінгізген 30-дан астам жолсерік жұмыстан қуылған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы