364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда сирек кездесетін дала бүркітінің балапаны құтқарылды

  • 230
Атырауда сирек кездесетін дала бүркітінің балапаны құтқарылды

Атырау қаласының қақ ортасында дала бүркітінің балапаны табылды.

Соңғы кезде табиғатта өте сирек кездесетін түз қанаттысының қала ішіне қайдан тап болғаны белгісіз. Балапанды қала тұрғындары көріп, тиісті мекемелерге хабарлаған. «Бұл – дала қыраны. Тұқымы жойылып бара жатқандықтан, Қызыл кітапқа енгізілген. Дала қырандары табиғи ортада 10-28 жылдай өмір сүреді. Бұл – 4-5 айлық биылғы балапан. Қанаттары мен тұяқтары жарақаттан аман. Тек өте ашығып қалған», – дейді орнетолог Илья Бафанов. Инспекция өкілдері құсты азықтандырып, «Ақжайық» табиғи резерватының мамандарына табыстайтын болады.

Мереке Шалқаров, облыстық жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

– Әлсіреген балапанды өзімізге әкеліп, тамақтандырдық. Қазір жағдайы жақсы. «Ақжайық» табиғи резерватының орнетолог-мамандарына тапсырып жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Соңғы 3 айдың ішінде билетсіз жолаушы мінгізген 30-дан астам жолсерік жұмыстан қуылған Жайық өзенінің ахуалы ғалымдарды алаңдатуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы