365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейдің су арнасы жаңа техникамен жабдықталды

  • 145
  • UPD: 08:18, 24.07.2018

Семейдегі қалалық су арнасы жаңа техникамен жабдықталды. Коммуналдық кəсіпорынға арық шайғыш машиналары, сонымен қоса заманауи сорап станциялары мен есептеу аспаптары алынды.

Мамандардың айтуынша, жаңа техника мекеме жұмысын жақсартып, электр энергияны үнемдеуге септігін тигізеді. Айта кету керек, кəсіпорын техникасын соңғы рет  осыдан 10 жыл бұрын жаңартқан болатын. Жалпы қаланың су жабдықтау жүйесін жаңартуға 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.                                                                    

Еркін Сағындықов, «Семей-Водоканал» МҚК басшысы:

- Бұл жаңа заманауи жабдық болғандықтан, біріншіден ол энергиялық тиімділігі жоғары жəне электрэнергиясын аз жұмсайды, яғни бір зат шығару үшін қажет электроэнергиясы азаяды. Екіншіден, дəйектілігі, бұл біздің мекеменің қызмет көрсету сапасын арттырып жұмыс үзіліссіз жүріп отырады.

Осы категория бойынша: « Астанада адамды өрттен құтқарған Ұлттық ұлан жауынгерлері марапатталды Маңғыстау облысында жел электр станциясы салынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы