365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында жел электр станциясы салынады

  • 218
  • UPD: 08:19, 24.07.2018

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында қуаты 42 мВт жел электр станциясы салынады.

Бүгін аймақ басшысы Ералы Тоғжанов пен шетелдік инвесторлар аталған жобаны бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты. Тараптар қол қойған құжатқа сәйкес Түпқараған ауданындағы 375 гектар жерге әрқайсының қуаттылығы 2 жарым кВт 17 жел генераторы орнатылады. 60 млн долларға бағаланған жоба құрылысы тамыз айында басталмақ. Құрылыс жұмыстарына 70 адам тартылады. Қазіргі таңда осы мақсатқа жер телімі бөлініп, тиісті құжаттар әзірленді.

Сергей Парцикян, инвестор:

- Желден қуат алатын станиця құрылысын келер айда бастау жоспарланған. Ол бірінші кезекте, аудан-ауыл тұрғындарының электр тогына  сұранысын өтейтін болады. Қазіргі таңда бұл жоба жаңартылатын энергия көздерін пайдалану нысандарының орналасуы жөніндегі жоспарға енгізілді. Келешек тұтынылатын электр энергиясын елді мекендерге таратуға жауапты мекемелермен арада келісім жасалды.

Осы категория бойынша: « Семейдің су арнасы жаңа техникамен жабдықталды ШҚО-да дала өрті тіркелді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы