364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да дала өрті тіркелді

  • 218
  • UPD: 08:53, 24.07.2018
ШҚО-да дала өрті тіркелді

Шығыс Қазақстан облысы Глубкое ауданында саяжайшылардың салғырттығынан дала өрті тіркелді.

Осылайша  тілсіз жау 170 гектар аумақты  шарпыды. Оны сөндіруге  жеке құрамның 36  мүшесі мен 300-ге жуық еріктілер жұмылдырылды. Өйткені тілсіз жау тіркелген  аумақта Кожо-хова ауылы орналасқандықтан, өрттің тұрғын жайға тию қаупі жоғары болды дейді мамандар. Жалынды сөндіруге екпіні қатты жел кедергі болды. Сонымен қатар жер бедері де тау-тасты болғандықтан  қозғалысқа қиындық тудырған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше  өртті сөндіруге 1 тәуліктен астам  уақыт кеткен.

Анастасия Скляр, ТЖД баспасөз хатшысы:

- Өрт болған маңнан елді мекен бар болғаны 1 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол жақта саяжайлар да көп. Сондықтан еріктілер мен құтқарушылар бірге ат салысты.Айта кету керек кейбір куәгерлердің айтуынша, өрт сол маңдағы саяжайшылар тастаған күл қоқыстың тұтануынан шыққан.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында жел электр станциясы салынады Ақтөбеде құны 2 млрд теңгеден астам жол өткелі салынып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы