374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде құны 2 млрд теңгеден астам жол өткелі салынып жатыр

  • 307
  • UPD: 12:12, 24.07.2018

Ақтөбеде құны екі миллиард теңгеден астатын жаңа жол өткелі салынуда. Автокөлік көпірі шаһарды Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізі арқылы Ресей Федерациясымен байланыстыратын күре жол бойында орналасқан.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытына қосымша жаяу жүргінші өткелі де орнатылады. Жаңа нысан тамыз соңында қолданысқа берілуі тиіс. 

Жаңа өткел Ақтөбе ферроқорытпа зауытының темір жол тораптарының үстіне орнатылған. Бұрын соңды Ақтөбеде мұндай кешен болмаған көрінеді. Биіктігі 8 метрден асатын көпір тіреулері кез келген механикалық және табиғаттың әсеріне төтеп береді. Көпірге жеткізер жолды заманауи торлармен байланыстыру арқылы өткелді ықшамдап жасауға мүмкіндік туған.

Төлеген Таңатаров, құрылыс компаниясының бас директоры:

- Бұрынғы уақытта ондай технологиялар болған жоқ. Тек насыпь болды. Онда конус арқылы екі жағына бірталай көлемді алып кететін болды. Мысалы, мына араға сыймас еді. Енді тіп-тіке жармен шығып соның ішіне құм толтырылады. Екі жағына модульный блок салынады. Ол блок георешеткамен үш ряд сайын бір-бірімен байланыстырады. Құламайтын қылып.

Бұл нысанда қазір жүзден астам азамат еңбек етуде. Жиырмаға жуық ауыр техника жұмылдырылған. Ал құрылыс материалдарының барлығы дерлік жергілікті өнімдер. Құрылысшылар өткел ғасыр жарым уақыт қалтқысыз қызмет етуге қауқарлы деп сендірді. Ұзындығы 132 метр. Қосымша айналма жолдар арқылы көлік нөпірін азайтуға жағдай жасалған.

Аязбай Османғалиев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі:

-2 миллиард 100 миллион теңге бөлінді. Ол қаражат республика бюджетінен.Былтыр мамыр айында басталды. Өздеріңіз көріп тұрғандай өткелді салып қойдық. Қалғаны мына стенкілерді көтеріп, жолдарын салып жатырмыз. Жоспар бойынша 30 тамызға дейін мына жерде жолдарды ашуымыз керек.

Төрт жолақты жолдың үстіне жаяу жүргіншілер өткелі де салынады. Ал, жарықтандыру мәселесі Астанада өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесінде шешілген көрінеді. Заманауи шамдарды сол «ЭКСПО-дан» алдырыпты. Қолданысқа берілген күннен бастап бұл жерден орта есеппен тәулігіне шамамен 12 мың көлік өтетін болады.

Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Осы категория бойынша: « ШҚО-да дала өрті тіркелді Елімізде «7-20-25» бағдарламасына қатысуға ниетті халық саны артты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы