365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Зейбек: Түркістан – түркі халықтарының рухани астанасы

  • 216
  • UPD: 12:39, 24.07.2018

Түркістан - түбі бір түркі жұртының мәдени, рухани астанасы. Оның өсіп-өркендеуі күллі түркі дүниесінің абыройын асырады.

Түркияның бұрынғы мәдениет министрі, белгілі қоғам қайраткері Намык Кемал Зейбек осылай дейді. Ұзақ жылдар Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті өкілетті кеңесінің төрағасы ретінде екі елдің білім және ғылым саласына сүбелі үлесін қосқан тәжірибелі саясаткер көне шаһарға облыс орталығы мәртебесін беру туралы Елбасының бастамасын рухани жаңғырудың жарқын үлгісіне балайды. Тіпті ол болашақта барлық халықаралық түркі ұйымдарының бас кеңселері Түркістан қаласында шоғырлануы керектігін алға тартты.

Намык Кемал Зейбек, Түркияның бұрынғы мәдениет министрі:

- Біз үшін Түркістан Қазақстандағы жәй бір қала емес. Ол түркі халықтарының рухани әрі ғылыми астанасы. Біз мұны әрқашан мақтанышпен айтып келеміз. Қазақстан Президенті, түркі әлемінің көрнекті тұлғасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен түркітілдес елдердің иглігі үшін бірқатар интеграциялық жобалар қолға алынды. Соның бірі Ыстамбұлдағы Түркі кеңесі, Бакудегі Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы мен Астана қаласындағы Түркі академиясы. Міне осы халықаралық ұйымдардың барлығы болашақта Түркістанға көшірілуі керек деп ойлаймын. Осылайша тарихи шаһар тек Қазақ елінде ғана емес, аймақта да өте ықпалды орталыққа айналады.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында туристерге арналған тарихи алаң ашылады Д.Теннің өліміне қатысты күдікті 11 шілдеде Астанада ұрлық үшін ұсталған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы