369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д.Теннің өліміне қатысты күдікті 11 шілдеде Астанада ұрлық үшін ұсталған

  • 268
  • UPD: 15:29, 24.07.2018

Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өлімін тергеу барысына қатысты арнайы брифингте ҚР ІІМ орынбасары осылай мәлімдеді.

Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты күдікті Арман Құдайбергенов 11 шілде күні Астанада ұрлық үстінде ұсталған.

Астана полициясы көлік ұрысынан қала аумағынан шықпау туралы қолхат алып, босатып жіберген.

«Расында да Арман Құдайбергеновті астаналық патрульдік бекет жасағы 11 шілде күні көлік айналарын ұрлау үстінде ұстаған. Оған қатысты заңға сәйкес жеделдетілген процедурада сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Бұл процедура бойынша тергеу 15 күнде жүруі тиіс және бұлтартпау ретінде тіркеліп отыру шарасы қолданылған. Тіркелу міндеттемесі күдіктінің қалаларға баруына шектеу салмайды, тек белгіленген уақытта келіп тұрса жеткілікті», - деп, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Ішкі істер министрлігінде өткен арнайы брифингте атап өтті.

Осы категория бойынша: « Н.Зейбек: Түркістан – түркі халықтарының рухани астанасы Ақтөбеде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар чемпионаты өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы