368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қай аймақтардың тұрғындары Астанаға жиі қоныс аударады

  • 224
  • UPD: 16:41, 24.07.2018
Қай аймақтардың тұрғындары Астанаға жиі қоныс аударады DailyNews.kz

Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша, 2018 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында елордаға 35370 адам келіп, 30981 адам көшіп кеткен (көші-қон айырымы +4389 адам).

Осы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткішті 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда Астана қаласына келгендер саны 49,5% азайды, кеткендер саны 37,5% азайды.

«Қаланың негізгі көші-қон алмасуы аймақтық көші-қон есебінен қалыптасқан: осы жылдың қаңтар-мамыр аралығында келгендер 21322 адамды, кеткендер 16424 адамды құрайды. Елорда халқының көші-қон өсімінде келгендер үлесі Ақмола облысынан – 19,4%, Түркістан облысынан – 14,2%, Қарағандыдан – 9,8%, Шығыс Қазақстаннан – 8,9%, Алматы қаласынан – 8,2% және басқа облыстардан 39,5%-ды құрайды» делінген хабарламада.

Астана қаласының ТМД-ның мына елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы.

Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы, негізінен, Грузия, Ұлыбританиямен, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ, Сауд Аравиясы, Испания, Чех Республикасы, Қытай, Жапония, Литва, Түркия, Корея Республикасы, Малайзия және Моңғолия қалыптасты.

«Ұлт бойынша көшіп-қонушылар құрылымындағы айтарлықтай үлес салмақ қазақтарға тиесілі – 89,4%-ы және кеткендер санының 86,6%-ы келеді. Келгендер мен кеткендер арасында орыстардың үлесі тиісінше 5,5% және 7%, украиндар – 0,8% және 1%, өзбектер – 0,6% және 1,3%, татарлар – 0,8% және 0,7%, немістер – 0,5% және 0,7%, өзге ұлттар 2,4% және 2,7%-ды құрайды» деп хабарланған мекеме ақпаратында.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облысында «Электронды балабақша» жобасы жүзеге асырылады Қазақстанда 124 домендік атау бұғатталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы