374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қылмыскерді оқиға орнында қалған иісі арқылы табуға болады

  • 201
  • UPD: 17:10, 24.07.2018
Қылмыскерді оқиға орнында қалған иісі арқылы табуға болады

Мәселен, Ақмола облысының криминалистері жыл басынан бері осы әдіспен 26 қылмысты әшкерелеген.

«Ал бұл жұмыста күдіктілердің иісі сақталатын зертхана мен иттердің көмегі зор», – дейді мамандар. Облыстық ішкі істер департаментінің одорологиялық зертханасында 1 мың 745 иіс пен із сақтаулы. Криминалистердің бірнеше көмекші иті бар. Оларға қылмысты зерттеу барысында күдіктілерден алынған иіс бағыттама ретінде беріледі. Мамандардың айтуынша, әр адамның өзгеге ұқсамайтын өзіндік иісі болады. Ал бұл қылмысты ашуға тікелей септігін тигізеді. Тек осы саланы мықтап дамыту қажет.

Жасұлан Әлжапаров, облыстық ІІД басқарма басшысы:

- Біз осы зертхананың жүмысын жақсартып, осы саланы дамыту үшін Ішкі істер министрлігімен тығыз байланыс орнаттық. Олардан тәжірибе жинақтаймыз. Алматы академиясында семинарлар өтіп тұрады. Себебі, бұл сала Алматы қаласында жақсы дамыған. Ресейлік әріптестерімізден де үйренеріміз көп. Иісшіл иттердің де қатарын көбейтіп, олардың біліктілігін арттыруға күш салып жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Петропавл тұрғыны көпқабатты үйлердің бірінде бомба бар деп өтірік айтқан Жезқазғанда апатты үйлер жөнделіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы