365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі Бакуге жетті

  • 193
  • UPD: 19:53, 24.07.2018

Қазақстандық «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі «Теңіз кубогы-2018» шарасына қатысу үшін Бакуге келіп жетті.

Кемежайда қазақстандық әскерилерді салтанатты күтіп алу рәсімі ұйымдастырылды. Кеме экипажын Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің өкілдері қарсы алды. «Теңіз кубогы» додасы жыл сайын Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Иранның әскери кемелері арасында өтеді. Бұл жолы байқау 31 шілде мен 10 тамыз аралығын қамтиды. Бағдарламада теңіздегі жаттығулар, артиллериялық атыс және тіршілік үшін күрес жарыстары бар. Қазақстандық әскерилер бірден әзербайжандық әріптестерімен кездесіп, алдағы Каспий теңізі ойынының мән-жайын талқылады. 

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында «Көреген көз» жүйесі 17 мыңға жуық заңбұзушылықты анықтаған Маңғыстауда тағы бір жел электр станциясы салынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы