365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы Атом көлі демалушыларға қауіпті

  • 272
  • UPD: 21:58, 24.07.2018

Қазақстандық Ұлттық ядролық орталықтың ғалымдары атом көлінің демалушыларға қауіпті екенін айтып дабыл қағып отыр.

Су қоймасы бұрынғы Семей полигонының аумағында орналасқан. Бұл – термоядорлық жарылыстың нәтижесінде пайда болған радиациялық қауіпті нысан. Осыған қарамастан көл жағасына балаларымен келіп демалатындар көп. Мамандардың айтуынша, су қоймасында уақыт өткізу өте қауіпті. Өйткені демалыс барысында адам ағзасына топырақ құрамындағы радионуклидтер еніп, зиянды сәуле зиян келтіруі мүмкін.

Андрей Паницкий, ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік пен экология институтының бөлім басшысы:

- Соңғы іссапар барысында біз демалушыларға атом көлінде уақыт өткізудің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірдік. Өкінішке қарай, адамдар түсінбейді немесе бұл жағдайға аса мән бере қоймайды. Көлде радиациялық фонның көрсеткіші жоғары, дегенмен бұл негізгі қауіп емес. Негізгі қауіп бұл – радионуклидтердің ауа арқылы ағзаға енуі немесе байқаусызда радионуклид бөлшектері бар топырақты сумен жұту.

Осы категория бойынша: « Маңғыстауда тағы бір жел электр станциясы салынады Алматыда көлік қаққан 5 жасар бала нейрохирургия бөліміне ауыстырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы