369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда көлік қаққан 5 жасар бала нейрохирургия бөліміне ауыстырылды

  • 171
  • UPD: 21:58, 24.07.2018

Алматыда көлік қағып, жансақтау бөлімінде 10 күннен аса ес-түссіз жатқан бес жасар бала нейрохирургия бөліміне ауыстырылды.

Қазір бүлдіршіннің жағдайы ауыр болғанымен, бірқалыпты деп бағаланып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы жақсарса, бірнеше аптадан кейін үйіне шығарылуы мүмкін. Сондай-ақ науқастың бас сүйектерін қалпына келтіру үшін кейін тағы да операция жасалуы мүмкін. 

Дінмұхамед Рузуддинов, балаларға жедел жәрдем көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бала анасын таниды. Анасымен сөйлеседі, жай сөйлеседі, бірақ сөйлеседі. Дәрі-дәрмектерін қабылдап, емін алып жатыр. Шамамен екі-үш апта деп ойлап отырмыз. Одан кейінгі қалыпқа келу уақытын көрерміз.

Осы категория бойынша: « ШҚО-дағы Атом көлі демалушыларға қауіпті Алматыдағы автобустардың соқтығысуы: зардап шеккендерге 10 млн теңге өтемақы төленеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы