Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазавиақұтқару» компаниясының басшысы: Ұшақтардың бәрі ескірген

  • 157
  • UPD: 21:59, 24.07.2018
«Қазавиақұтқару» компаниясының басшысы: Ұшақтардың бәрі ескірген

Былтыр «Қазавиақұтқару» компаниясының мамандары көкке 740 рет көтеріліп, 500-ге жуық науқасты тасымалдады.

Ал биылдыққа 240 мәрте көмекке шыққан. Бұл туралы бүгін «Қазавиақұтқару» компаниясының бас директоры Андрей Косолапов хабарлады. Оның айтуынша, құтқарушылар 1 мың 280 сағатын аспанда өткізген. Авиация мамандары көбіне тасқын жүрген өңірлер мен тау баурайларына ұшады. Сондай-ақ зілзалаға ұшыраған балықшыларды құтқарып, дала, орман өрттерін сөндіруге жәрдемдеседі. Қазір компания паркінде 27 тікұшақ бар. Олар Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент және тағы бірқатар қалада төтенше жағдайға сақадай-сай әзір отырады.

Андрей Косолапов, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры:

- Біздің тікұшақтар барлық қажетті медициналық техникамен жабдықталған. 2017 жылы 427 адам өмірін құтқардық. Әрине, мамандардың құрамын үнемі жаңартуға тура келеді. Бізге жұмысқа орналасқан мамандарды қайта оқытуға дайынбыз. Алайда қазір техника жетіспей жатыр. Паркте ұшақ жоқ. Олардың бәрі ескірген. Тек тікұшақтарды ғана қолданамыз.

Осы категория бойынша: « Петропавл базарындағы өрттен келген шығынды кім өтейді? Астана әкімі бір аптаның ішінде қараусыз қалған мұнара крандарын тексеруді аяқтауды тапсырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы