365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандының денсаулық сақтау нысандары жөндеуден өткізіледі

  • 130
  • UPD: 07:35, 25.07.2018
Қарағандының денсаулық сақтау нысандары жөндеуден өткізіледі

Қарағанды облысында күрделі жөндеуді қажет ететін 63 медициналық мекеме бар.

Бұл облыстағы денсаулық сақтау нысандарының оннан бір бөлігін құрайды. Оларды заманауи санитарлық нормаға сай жабдықтауға жергілікті бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінбек. Ол үшін өңірде медициналық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылады. Жобалық-сметалық құжаттар дайын. Биыл аймақтағы 15 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтеді.     

Ержан Нұрлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:                                                                              

- Біз күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенде барлық ескі медициналық жиһаздарды жоямыз. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін дәрігерлер тек өздерінің компьютерлерімен ғана келеді. Яғни барлық жиһаз ауыстырылып, толықтай жаңа медициналық жабдықтар қойылады.

Осы категория бойынша: « Астана әкімі бір аптаның ішінде қараусыз қалған мұнара крандарын тексеруді аяқтауды тапсырды Алматыда мамандар латын әліпбиі бойынша мәселелерді талқылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы