365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда жылу жүйелері жаңартылып жатыр

  • 249
  • UPD: 08:29, 25.07.2018
Таразда жылу жүйелері жаңартылып жатыр

Тараз қаласындағы жылу жүйелерінің 70 пайызға жуығы ескіріп, тозығы жеткен. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында үш шақырымдық жылу тасымалдайтын құбырлар жаңартылады.

Ал 2020 жылға дейін 12 шақырымды ауыстыру жоспарланған. Жобаның жалпы құны 9,8 миллиард теңге. Биыл бұл соманың 1миллиард 780 миллион теңгесі игеріледі. «Тараз-трансс-энерго» мекемесіне қарайтын жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 188 шақырым. Оның 39-ы магистральдық, ал 139-ы ішкі кварталдық құбырлар. Мамандар бұларды әр 25 жыл сайын ауыстыру қажеттігін айтады. Алайда қаржы тапшылығынан бұл іс кейінге шегеріліп келген. Қазір қаладағы үш аумақта жылу магистральдарын жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Үркер Жолдыбаев, «ТаразТрансЭнерго» МКК өндірістік бөлімінің басшысы:

-  Негізі жылу құбырларын қосып тексеріп, су беруді 1 қыркүйекке дейін бітіреміз бұл жобалар 2 жылға жоспарлануда, бірақ ол қаражатқа байланысты, қалған қаражаттар толық берілетін болса, онда жұмысты толық келесі жылы бітіреміз.

Осы категория бойынша: « Алматыда мамандар латын әліпбиі бойынша мәселелерді талқылады Атырауда көлік бекеттерінің құрылысы басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы