374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда көлік бекеттерінің құрылысы басталды

  • 160
  • UPD: 08:34, 25.07.2018
Атырауда көлік бекеттерінің құрылысы басталды

Атырау қаласына кіреберісте  4 автокөлік бақылау бекетінің құрылысы басталды.

Олар Астрахань, Орал, Ақтау  және Ақтөбе қаларына шығатын жолдарды бақылауға арналған. Автобекеттер  тәртіп сақшыларына жол бойында болған оқыс оқиғалар кезінде жедел әрекет етуге, қалаға кіретін және шығатын барлық көліктер туралы деректерді дер кезінде  анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыста көктем және күзгі маусымда жүргізілетін «Жайық-Каспий» бассейніндегі балық қорын қорғау шарасын бақылауға да оң ықпал етпек. Әрқайсысының бағасы 300 миллион теңгеден асатын әмбебап нысандар жол-көлік қозғалысын бақылауға арналған ең озық технологиямен жабдықталу үстінде.

Мерей Жантөриев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл бекет екі үлкен арнайы телеэкранмен жабдықталған. Ол телеэкран бекет ішінде автоматты түрде басқарылып отырады. Сонымен қатар бекеттерде екі үлкен арнайы көлік тұрағы қарастырылған көлікті тексеретін эстакада бар. Бұйырса, осы жылдың қыркүйек айында толығымен бітіріп іске қосу жоспарланып отыр.

Осы категория бойынша: « Таразда жылу жүйелері жаңартылып жатыр Ақтөбеде 58 жетім бала баспаналы болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы